KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, С
441.66 475.14 4.86

200-ден астам мектепте шахмат жеке пән ретінде жүргізіледі

3.09.2019, 04:32 159

Елімізде 200-ге жуық мектепке «Мектептегі шахмат» пәні енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Биыл 80-ге жуық қала мен ауылдардағы мектептерге (ұзын саны 160 мектеп) «Мектептегі шахмат» пәні енгізілді. Ол бұған дейін 40-тан астам білім ошағында оқытылып келген болатын. Шахматты үйреніп жатқан балалардың тізімі 15 мыңға жетті, – деді жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

Оның айтуынша, 40 мектеп оқытуға арналған техникамен толықтай жабдықталған. Бұдан бөлек оқу құралдары әзірленіп, 223 бапкер мен 25 мектеп психологы оқытылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив