KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 3 м/с, ОБ
514.31 603.03 6.4

Қазақстанда өндірістік жарақаттан жылда 200 адам көз жұмады

25.05.2023, 18:04 417 Мадина Амангелдіқызы

Еліміздегі кәсіпорындарда өндірістік жарақаттардан жылына шамамен 200 адам көз жұмады екен.

Қазақстанда жыл сайын кәсіпорындарда 2 мың адам жарақат алады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Елордада өтіп жатқан KIOSH 2023 Халықаралық конференциясының барысында Алтай Көлгінов өндірістік жарақаттану көрсеткіші жайлы айтты.

«Қазақстандағы кәсіпорындарда өндірістік жарақаттану көрсеткіші жоғары. Жыл сайын 2 мың адам жарақат алады. Оның ішінде шамамен 200 адам көз жұмады. Мәселен, «ВостокЦветМет» ЖШС-де өндірістік жарақаттану 3 есе өсті. Атап айтқанда, 3 адамнан былтыр 18 адамға дейін жоғарылады. Былтыр «Казцинк» компаниясында жарақат алу деңгейі 2 есе артты. Яғни, 15 адамнан 35 адамға дейін. Өткен жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да өлімге әкеліп соққан жарақаттану деңгейі 44%-ға өскен»,  деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар ол жұмыс берушілер тарапынан өндірістік қауіпсіздік ережелерін сақтауға және оны азайтуға ықпал ететін жағдай жасауға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін айтып өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу