KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Қазақстанда қанша жеке кәсіпкер бар?

Фото: egemen.kz

9.06.2023, 22:12 356

Елде жеке кәсіпкерлердің саны мен олардың табысы артқан көрінеді.

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Биыл шағын бизнес субъектілерін, яғни жеке кәсіпкерлерді кірістер салығынан босату мерзімі аяқталды. Елімізде соңғы 3 жыл ішінде жеке кәсіпкерлердің саны 1,1 миллионнан 1,6 миллионға дейін артты. Өткен жылғы есеп бойынша әр жеке кәсіпкердің орташа табысы 9,2 миллион теңгені құрады. 2019 жылы бұл көрсеткіш 5,1 миллион теңге болған, – деді Данияр Жанәлінов.

Сонымен қатар Данияр Жанәлінов жеке кәсіпкерлер жалдамалы жұмысшылар туралы деректі жасыратынын атап өтті.

– Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы жұмысшыларды көрсетпеуі үлкен проблемаға айналып отыр. Бұл дегеніміз жалдамалы жұмысшылардың зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді ала алмай, медициналық қызметке жүгінгенде шектеулерге әкеп соғады. Бүгінде 1,2 миллион жеке кәсіпкерде жалдамалы жұмысшы жоқ, ал 89,3 мың кәсіпкерде 1 ғана жалдамалы жұмысшы бар. Жалпы, еліміздегі кәсіпкерлердің тек 9,5 пайызында ғана 5-тен астам қызметкері бар. Кәсіпкерлерді ынталандырып, көлеңкедегі жұмысшыларын жасырмау мақсатында биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбекақы төлеу қорынан 20 пайыз мөлшерінде бірыңғай төлем жасау енгізілді, – дейді комитет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив