KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Қазақстандықтардың ақшалай табысы 9,4%-ға өсті – Статистика комитеті

14.08.2019, 07:57 155

Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы 9,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, халықтың ақшалай табысы 2019 жылдың маусымында 99003 теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың маусым айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 9,4%-ға жоғары.

Халықтың атаулы ақшалай табысының құрылымын жіктейтін болсақ, жалдамалы жұмыспен қамтудан түскен табыстар – 71,1%, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар – 11,1%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар – 17% және өзге де ақшалай табыстар – 0,8%.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу