KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге болады

Фото: egemen.kz

16.06.2023, 17:32 418

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын әзірлеген.

Сайт халықтың, әсіресе үлкен қалаларда тұратын азаматтардың ыңғайына қарай ойластырылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін «Құрбан-2023» қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады. Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі", - деп жазылған ресми хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив