Қазақстан Германияны энергиямен қамтуда айтарлықтай үлес қосып отыр
Фото: egemen.kz
Қазақстан шикі мұнай жеткізу арқылы Германияны энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізгеннен кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасау барысында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер айтты.
Ол сонымен қатар алдағы уақытта Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың қосымша көлемінің маңызын атады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Соңғы уақытта Қазақстан Федеративті Республиканың энергиямен жабдықталуын қамтамасыз етуде айтарлықтай үлес қосып келеді. Әсіресе Қазақстанның мұнайдың қосымша көлемін жеткізуді жоспарлап отырғаны қуантады. Бұл келешекте елімізде орналасқан мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандырып, Шығыс Германияны жанар-жағармаймен жабдықтауға мүмкіндік береді, - деді Франк-Вальтер Штайнмайер.
Сонымен қатар Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан тарапына қосымша мұнай жеткізетіндігі үшін ризашылығын білдірді.
– Бұл энергетикалық сектор үшін өте жақсы жаңалық әрі қосымша мұнай жеткізу туралы келісім жасалғаны қуантады. Сол үшін Қазақстан тарапына шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді Германия Президенті.
Оқи отырыңыз