Қазақстан– Әзербайжан тауар айналымы 460 млн доллардан асқан
Фото: primeminister.kz
Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапары барысында осы елдің Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.
Әзербайжан – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 40%-ға өсіп, 460 млн доллардан асты. Биылғы 4 айдың қорытындысына сәйкес өзара сауда айналымы 185 млн долларды құрап, 40%-ға артты.
– Тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізу жөніндегі алдымызға қойылған міндетке сәйкес, біз Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, – деді Әлихан Смайылов.
Оқи отырыңыз