KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 3 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Кәсіпкерлер саумалды неге АҚШ, Қытай, Түркияға экспорттай алмайды?

Фото: primeminister.kz

23.06.2023, 11:24 262

21 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды онлайн қабылдады.

Вице-премьердің қабылдауына тіркелген азаматтар екі сағат аралығында сұрақ қойып, мәселелерін ортаға салды, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Қатысқандардың басым бөлігі қойған сұрақтар отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа өндірістерді мемлекеттік қолдау, Түркістан облысындағы су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және т.б. мәселелерге қатысты болды. 

Қабылдау барысында қазақтың дәстүрлі сусындары – қымыз және шұбат, терең өңделген өнімдер – құрғақ  саумал мен құрғақ шұбат өндіру мәселесі талқыланды. Өнімдер неміс стандарттары бойынша сертификатталған жаңа технологиялар бойынша шығарылады. Кәсіпкер өз өнімдерін ЕО, АҚШ, ҚХР елдерінің нарықтарына жеткізуге мүдделі. Оның айтуынша, түйе сүтін ҚХР-ға сату процесі ұлттық стандарт бойынша жолға қойылған болса, саумалды ұлттық стандарттың болмауына байланысты жеткізу әзірге мүмкін болмай отыр. Ал ЕО және Түркия елдерінің нарықтарына жеткізуге жоғары импорттық баждар кедергі, өйткені бұл өнім сүт өнімдерінің жалпы санатына жатады. Сондай-ақ АҚШ-та жануарлардың кей түріне және жануарлардан алынатын кей өнімдерге, оның ішінде саумал мен шұбат әкелуге уақытша шектеулер бар.

Серік Жұманғарин саумалды ЕО елдеріне және Түркияға жеткізуге импорттық баж салығының мөлшерін азайту – бұл өнімге СЭҚ ТН жеке кодын бергеннен кейін басталуы мүмкін келіссөздер процесі екенін атап өтті. Қазір бұл мәселемен Сауда министрлігі айналысады.    

– Бұл – мемлекеттің бизнеске көмектесуі керектігінің мысалы. Қыркүйек айында Үрімшіде көрме өтеді, онда ҚХР мемлекеттік органдарының өкілдерімен саумалға ұлттық стандартты әзірлеу мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға болады. Біздің өнімді экспорттық нарықтарға шығару мүмкіндігін жеделдету үшін АҚШ елшілігімен және ЕО мемлекеттік органдарымен жұмысты жандандыратын боламыз, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар кездесу барысында жасыл тауарды (жеміс-жидек, көкөніс) өсіру және сатып алу, жемістер мен көкөністерді терең өңдеу, Кеден одағының техрегламентін келісу, ветеринариялық қызмет және иесіз жануарларды ұстау мәселелері айтылды.

Серік Жұманғарин құзыретті органдарға бір апта ішінде  қабылдауда көтерілген барлық мәселені егжей-тегжейлі қарастырып, нәтижелері туралы хабарлауды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу