KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Әлеуметтік кодекс аясында бірқатар жаңа ереже қарастырылған

Фото: egemen.kz

27.06.2023, 12:30 343

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жаңа Әлеуметтік кодекс туралы бірқатар мәлімет ұсынған.

Әлихан Смайылов Әлеуметтік кодексте күші жойылған 10 заңның негізгі нормалары сақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің айтуынша, жаңа Кодексте ұсынылып отырған шаралар әлеуметтік қорғау жүйесін халықаралық стандарттарға сай қайта ретке келтіруге мүмкіндік береді.

– Осылайша, әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша барлық заңнама бір жүйеге келтірілді. Әлеуметтік кодексте күші жойылған 10 заңның негізгі нормалары сақталды. Сонымен қатар бірқатар жаңа ереже қарастырылған. Олардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, – деді Әлихан Смайылов.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу