KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Полиция заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек

Фото: egemen.kz

30.06.2023, 14:45 394

Полиция қызметкері заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде айтты.

Ақорданың дерегінше, Президент тәртіп бұзушылармен заң аясында сөйлесу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Жалпы, заңға бағыну мен құқық бұзушылықтың ара-жігін нақты ажырата білу қажет. Тағы да қайталап айтамын. Қоғамда заң мен тәртіп қатаң сақталуы керек. Сонда ғана еліміз өсіп-өркендейді. Бұл – мызғымас қағида.
Қылмыскерлермен күрес ымырасыз жүргізілуге тиіс. Бірде-бір құқық бұзушылықты елеусіз қалдыруға болмайды. Мұнда ұсақ-түйек деген жоқ,  – деді Президент.

Мемлекет басшысы полиция мамандары заңға бағынатын азаматтарға құрметпен қарауы тиістігін атап өтті.

– Полиция қызметкері заңға бағынатын адамға құрметпен қарауы керек. Ал тәртіп бұзушылармен заң аясында сөйлесу қажет. Адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейді. Әрбір тәртіп сақшысы мұны жете түсінуге тиіс. Күнделікті жұмыста осы талаптар сақталса, азаматтардың полицияға деген сенімі артады. Әрине, қоғам тарапынан да құрмет болуы керек. Халықтың түсінігінде полиция азаматтарды қорғаушы, қолдаушы, қылмыстың алдын алушы, заңның орындалуын қадағалаушы болуға тиіс. Өкінішке қарай, қазір ел арасында полицияның келбеті, беделі дәл сондай деп айта алмаймыз. Тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбау, оған қоқан-лоқы көрсету, тіпті күш қолдану дұрыс емес. Осындай әрекеттерді доғару керек. Мұндай жағдайда бұзақылар жауапсыз қалмауы қажет,  – деді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив