KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 0,8 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Қосымша білім беру саласының жай-күйі қалай?

Фото: egemen.kz

4.07.2023, 12:16 465

Биыл қосымша білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері бекітіледі.

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

– Республикада 24 мыңнан астам қосымша білім беру педагогтары бар. 2023 жылдың басында қажеттілік 1,5 мыңнан астам педагогты құрады. Педагогтардың кәсіби өсуін арттыру үшін біліктілікті арттырудың 40 білім беру бағдарламасы әзірленді. Жыл сайынғы біліктілікті арттыру курстарымен 2,5 мыңнан астам қосымша білім беру педагогтары қамтылды. «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында тиісті бейін бойынша кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында міндетті түрде қайта даярлаудан өткен кезде педагог қызметкерлерге теңестіріледі, – деп атап өтті Тамара Дүйсенова жауабында.

Бұдан басқа, министрдің атап өтуінше, Балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында қосымша білім саласында белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіби дағдыларды игеруге тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік даярлық көзделген.

– Қосымша білім беру саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері қосымша білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерінің әзірленіп жатқан жобасында көрсетілген. Оны осы жылы бекіту жоспарланып отыр. Балаларды сапалы қосымша біліммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда және Үкіметтің ерекше бақылауында, – деді вице-премьер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив