Қазақстандықтар 66 мыңнан астам жаңа көлік сатып алған
Фото: egemen.kz
Биыл қазақстандықтар 66 мыңнан астам жаңа автомобиль сатып алды.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпарат жариялады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Автобизнес қауымдастығының деректеріне сәйкес, екінші ай қатарынан айлық сатылымда рекордтық көрсеткіш тіркеліп отыр. Мамырда қазақстандық дилерлер 14 688 жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника сатты. Бұл өткен жылдың мамырындағы көрсеткіштен 77,2 пайызға көп", - делінген министрліктің агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
2023 жылдың 5 айында ел тұрғындары 66 331 жаңа жеңіл автомобиль, жүк көлігі мен автобус сатып алды.
Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 65,8 пайызға жоғары.
Сонымен қатар министрлік автомобиль бағасының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін факторларды атады.
"Қазіргі уақытта жаңа автомобильдер нарығында көлік сатып алуға қатысты түрлі акциялардың іске қосылғаны байқалады. Олар: несиелеу бағдарламасы, акциялар, төлемді кейінге шегеру және тағы басқалары. Автомобиль бағасының өзгеруіне сұраныс пен ұсыныстың құбылуы, экономикалық конъюнктура, нарықтағы бәсеке және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Нарықтағы жағдай мен автомобиль саласындағы үрдіс уақыт өте келе өзгеруі ықтимал. Оған экономикалық тұрақтылық, тұтынушылық сұраныстың өзгеруі және сыртқы әсер сынды өзге де түрлі факторлар ықпал ете алады", - делінген ведомство жауабында.
Оқи отырыңыз