KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Жасыл экономика – елдің тұрақты дамуының маңызды құралдарының бірі

Фото: egemen.kz

17.07.2023, 15:51 217

Премьер-Министр Әлихан Смайылов төрағалық еткен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында ауыл шаруашылығы, энергетика және су ресурстарын басқару салаларында экологияға қолайлы шараларды іске асыру жоспарланғаны айтылды.

Премьер-Министр «жасыл экономика» елдің тұрақты дамуының маңызды құралдарының бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

– Осының нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы, атмосфералық ауаның жай-күйі, қалдықтарды басқару, су және жер ресурстарын пайдалану жақсарады, – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр Экология министрлігіне осы аттас Тұжырымдаманы өзектендіруді жеделдетіп, жобаны 1 желтоқсанға дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырды.

Отырыста жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамыту бойынша жоспарлар мен қабылданып жатқан шаралар барысы талқыланды. Бүгінгі таңда республикада жиынтық қуаты 2525 МВт болатын 132 ЖЭК нысаны жұмыс істеп жатқаны атап өтілді. Жаңа нысандарды іске қосу жоспарлы мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Жалпы, 2027 жылға қарай тағы 6720 МВт жаңартылатын генерацияны енгізу жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы дәстүрлі және жаңартылатын энергия секторларын үндестірудің, үй шаруашылықтары, шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтары деңгейінде шағын ЖЭК қондырғыларын дамытуды ынталандырудың маңызды екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив