Өңірлік штабтардың отырысы объектілерде өтуі керек
Фото: egemen.kz
Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын сынға алды.
Әлихан Смайылов штаб отырыстарын әкімдікте емес, нысандарда өткізу керек екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов жылу энергетикасы жөніндегі заң жобасы шеңберінде бекітілген жөндеу кестесін бұзғаны үшін энергия өндіруші ұйымдардың жауапкершілігін анықтау мәселесін пысықтау керек екенін атап өтті.
Сонымен қатар Премьер-Министр екі апта ішінде өңірлік электр желілік компаниялардың техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, тәуекелдер картасын әзірлеуді тапсырды. Одан өзге, жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын түгел қайта қарауды талап етті.