KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Коммуналдық, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуді арттыру жоспарланған

Фото: primeminister.kz

17.07.2023, 15:41 184

Премьер-Министр Әлихан Смайылов төрағалық еткен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында еліміздің өңірлеріндегі экологиялық ахуалды жақсарту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралды.

Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ірі салалық орталықтар мен қауымдастықтардың басшылары, БҰҰ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова осы аттас Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде өткен 10 жыл ішінде экономиканың энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 36,7%-ға қысқартылып, ЖЭК үлесі 4,5%-ға дейін жеткенін айтады. Сонымен қатар ормандардың ауданы 5%-ға, ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі республика аумағының 10%-дан астамына дейін жеткізілді.

Сонымен қатар ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы қабылданғаннан кейін Тұжырымдаманы өзектендіру шеңберінде 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көрсеткішін 40%-ға, ал ұзақмерзімді перспективада – 2050 жылға қарай 60%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ауылдық жерлерде орталықтандырылған жүйені ұйымдастыру арқылы 2040 жылға қарай халықты қалдықтарды жинау және кәдеге жарату қызметтерімен қамту 100%-ға жетуі тиіс.

Бұл ретте кәсіпорындарға ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді ынталандыру арқылы 2050 жылға қарай өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 60%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарын қалпына келтіру және жаңадан салу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Жаңартылған Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде атмосфераға ластаушы заттар шығаруды азайту, атап айтқанда, ЖЭО-ны жаңғырту және газ отынына көшу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғау, орман алқабын кеңейту есебінен шара қабылданады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив