KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Байланыс тарифін көтеруге қатысты тексеріс басталды

Фото: egemen.kz

22.07.2023, 10:23 202

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс операторларының тарифті көтеруіне қатысты түсінік берді.

Ведомство дерегінше, тарифтерді өсіру туралы хабарлама бойынша қазір агенттік құзыретінің шеңберінде тиісті жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
  "Байланыс операторларының тарифтерді өсіру туралы хабарламасы бойынша қазір агенттік құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Тұтынушылардың шағымдары алынды, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, бағаларға мониторинг жүргізіле бастады. Бұл ретте агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тексеру барысында ғана анықтай алады", - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, тарифтер негізсіз көтерілген жағдайда заң бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

  "Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 159-бабына сәйкес, субъектілер өз үстемдігін пайдаланып жоғары баға белгілеп, оны ұстап тұру жағдайы анықталса, айыппұл қарастырылады. Заң талабына сәйкес, монополиялық әдіспен табылған жыл ішіндегі кірістердің бес пайызы тәркіленеді", - дейді агенттіктен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив