KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Өртке қарсы киім алуға Үкімет резервінен қаржы бөлінеді

Фото: egemen.kz

31.07.2023, 15:04 129

ҚР Үкіметі орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезінде қосымша қорғаныспен қамту бойынша шаралар қабылдап жатқан көрінеді. 

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді деп көзделіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив