KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да өртке дайындық деңгейі қандай?

Фото: Шартты сурет

12.04.2023, 17:31 398

Табиғи өрттің алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД бірқатар шара атқарып жатыр. Олардың қатарында профилактикалық жұмыстар, отырыстар, мобильді топтар құрып, рейдтер өткізілді. 
Өңірдегі өртке дайындық жұмыстары тексеру нәтижелері бойынша «қанағаттанарлық» деп танылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Мамандардың мәліметінше, азаматтық қорғау, ЖПҚ, орман ұйымдары мен ЖАО қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылып, бірлескен рейдтер өткізілген. 
Сонымен қатар техникалық жабдықталу мен құрам туралы атап өткен жөн. Қазіргі таңда департаментте 1411 адамнан тұратын жеке құрам, 255 бірлік техника, оның ішінде 132 негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері бар.
Бұдан бөлек, 69 жоғары өту бірлігі, 346 рюкзакты өрт сөндіргіш, 981 өрт тұтқыш (хлопушка), 2 бірлік ГТТ тракторы, 1 МТЛБ тракторы, КУНГ және Вахта автомобилінің 14 бірлігі сақадай сай. Бөлімшелер автономды жұмыс істеген жағдайда үш тәулікке жететін жабдық пен азық-түлік дайындалған.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру кезінде қолайлылықты арттыру мақсатында 41 өрт сөндіру бекеті құрылды. Сонымен қатар 935 адамнан тұратын 114 өртке қарсы құрылым, 145 бірлік бейімделген техника жасақталған. 
Облыстағы табиғатты қорғау мекемелері мен орман шаруашылығы мекемелерінде өртке дайындық жұмыстары тексеріліп, нәтижесі бойынша «қанағаттанарлық» деген баға берілген. 
Орманды апаттан қорғау "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бөлімшесінің жауапкершілігінде. Орман қорын қорғауға 4 бірлік ұшу техникасы (Ми-8 – 1 борт, Ан-2 – 1 борт, Ми-2 – 2 борт), 5 бақылаушы ұшқыш және 40 өрт сөндіруші-десантшы тартылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив