KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда теледидар, кір жуатын машина шығаратын зауыт ашылады

Фото: pexels.com

1.08.2023, 13:30 316

Саран қаласында теледидар, шаңсорғыш және кір жуатын машина шығаратын зауыт іске қосылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Электротехникалық машина жасау секторында Alageum Electric нарықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз ететін трансформаторлар шығарады. Қазнергокабель, Еуразкабель сияқты кәсіпорындар нарықта сұранысқа ие кабельдік өнімдерді жеткізеді. Сектордың тағы бір маңызды бағыты – тұрмыстық техника өндірісі. Қазіргі уақытта Алматы облысында Dauscher брендімен электр плиталары мен пештер шығаратын зауыт іске қосылған және ол толығымен істеп тұр. Бұған қоса, Қарағанды облысының Саран қаласында жаңа тұрмыстық техника, яғни теледидарлар, шаңсорғыш және кір жуатын машина зауыты іске қосылады. Бұл саланың дамуына серпін беріп қана қоймай, моноқаланың жандануына өз үлесін қосады, – деді министр.

Оның дерегінше, тұрмыстық техника бойынша Еуразиялық экономикалық одақ нарығының әлеуеті шамамен 11 млрд АҚШ долларын, ал Қазақстан нарығының әлеуеті 1 млрд 200 млн АҚШ долларын құрайды.

– Жобаларды іске асыру кезінде кемінде ішкі нарықты 250 млн АҚШ долларын құрайтын өнімдермен толықтырып, 100 млн АҚШ долларынан астам сомаға тауар экспортқа шығарылады, – деді Марат Қарабаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив