Спортпен шұғылданатын адамдардың саны күн санап артып келеді
Фото: egemen.kz
Республикада балалар мен жасөспірімдердің 800-ден астам клубы жұмыс істеп жатыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Спорт пен белсенді өмір салты ұлт денсаулығының кепілі ғана емес, сонымен қатар әр адамның таланты мен қабілетін ашады. Бұл өз кезегінде жас ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды. Сондықтан спорт объектілері мен кешендеріне халықтың емін-еркін, еш кедергісіз баруын қамтамасыз ету қажет. Бұқаралық және тұрақты спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы азаматтарды спортпен шұғылдануға міндетті түрде тарту қажет. Елімізде жақсы дәстүрге айналған әртүрлі жастағы адамдарға арналған бұқаралық марафондар мен жарыстар туралы бәрі біледі, – деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы кейінгі жылдары барлық жерде спорт алаңдары мен басқа да ірі нысандар салынып жатқанын айтты.
– Біз спортпен шұғылданатын адамдар саны күннен күнге артып келе жатқанын көріп отырмыз. Үйлердің аулаларында, скверлерде және саябақтарда орнатылған тренажерларды ешкімге қажет емес деп санаған скептиктер де аз болған жоқ. Жыл сайын республикада түрлі деңгейдегі 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Оларға 1,2 миллионнан астам адам қатысады. Ауылдық жерлерде де бұқаралық спорт белсенді дамып келеді.
Республикада балалар мен жасөспірімдердің 800-ден астам клубы жұмыс істеп тұр. Балаларға арналған спорт секцияларының саны артып келеді, – деді Премьер-Министр.
Республикада балалар мен жасөспірімдердің 800-ден астам клубы жұмыс істеп тұр. Балаларға арналған спорт секцияларының саны артып келеді, – деді Премьер-Министр.
Оқи отырыңыз