KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жер учаскесінің иелері істейтін заңсыздықтар аталды

Фото: egemen.kz

2.08.2023, 17:25 157

Елімізде жер учаскелерінің иелері оны пайдалануда қандай заңсыздықтарды жиі істейтіні белгілі болды. 

Сонымен қатар жер учаскелерін беруде жергілікті атқарушы органдардың заңды бұзған фактілері анықталғаны айтылды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу, жер учаскесін қоршау мақсатында оны қазу арқылы залал келтіру, яғни жердің құнарлы қабатын сыдырып алу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану, мақсатқа сай қолданбау және бос қалдыру секілді фактілер жиі кездеседі", делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қазақпарат жолдаған ресми сауал жауабында.

Сондай-ақ ведомстводан жер учаскелерін беруде жергілікті атқарушы органдардың заңды бұзған фактілері анықталғаны айтылды.

– Өңірлердегі жерге орналастыру басқармалары жер учаскесіне құқық беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту туралы арыздарды қарауға қабылдамай келген. Осыған байланысты бюрократияға жол бермеу және өтініштерді қарау бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру мақсатында министрлік тарапынан осындай арыздарды атқарушылық өндіріске қабылдау және бүкіл облыстық басқармаларға жұмысқа қабылдау жөнінде жергілікті инспекцияларға хат жолданды,  дейді министрліктен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив