Ауыл шаруашылығы министрлігі жердің сатылуы туралы ақпаратқа жауап берді
![](/kz/uploads/posts/2023-05/ew7hdntwkaapveo.webp)
шартты сурет
Әлеуметтік желілерде қытайлық сайттарда Қазақстанда жер сату туралы хабарландырулар пайда болды деген ақпарат қаптап кеткен-ді.
Бұл ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов жоққа шығарды, деп хабарлайды, Altaynews тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол қазақстандық заңнама бойынша шетелдіктерге учаскелер беруге қатаң тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салды.
Ол сондай-ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына жекеменшікке және жер пайдалану құқығына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге жол берілмейтінін нақтылады.