Білім грантын тағайындау комиссиясының жұмысы аяқталды
Фото: egemen.kz
3 тамызда мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.
Комиссия құрамындағы түрлі саланың білікті сарапшылары ауқымды жұмыс атқарған, деп хабарлайды Аltaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осы ретте биылғы комиссия сапында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен бiлiм саласы кәсiподақтарының жетекшілері және «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
Енді талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім гранттары тағайындалады.
Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің интернет-ресурсында, Telegram арнасында және ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады.
Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады.