KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Биыл ең көп таңдалған мамандық қайсы?

19.07.2023, 17:52 214 Оразай Жеңісұлы

19 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 

Талапкерлердің басым бөлігі педагогикалық ғылымдар бағытын таңдап жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

«Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында "Педагогикалық ғылымдар" (22 мың), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (16 мың) және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (11 мың) бар. Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша, ең көп өтініш "Ақпараттық технологиялар" – 9 мың. Әрі қарай "Денешынықтыру мұғалімдерін даярлау" – 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында "Медицина" тұр, оны төрт мың талапкер таңдаған», - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 20 шілде – грант конкурсына өтініштер қабылданатын соңғы күн. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы оффлайн форматта жүзеге асырылады. ЖОО-ға виртуал қабылдау комиссиясы істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив