KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Қырғыз азаматтары Қазақстанда 90 күн қала алады

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 17:05 268

Қазақстан аумағындағы Қырғыз Республикасы азаматтарының кіру және болу тәртібіне өзгерту енгізіледі.

Көрші ел азаматтарына Қазақстанда тоқсан күн қалуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Аltaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағының 16-абзацын қолданбай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасында болуға рұқсат етілген күнтізбелік тоқсан күн мерзім белгіленсін", делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет басшысы қаулысының жобасында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз азаматтары елімізде 30 күн ғана бола алатын еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив