KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Қазақстандағы 260 мектепте күрделі жөндеу жүріп жатыр

Фото: egemen.kz

6.08.2023, 17:37 844

Білім беру ұйымдарын жүйелі мониторингілеу биылғы жылдың мамыр айынан бастап жүріп жатыр.
Жаңа оқу жылының қарсаңында бүкіл мектептердің дайындығы тағы бір кешенді мониторингтен өтті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мониторингтің мақсаты – мектептердің оқу жылына дайындығының жай-күйін анықтау, оқушылардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына жағдай тудыру.

Оқу нысандарын аралау кезінде министрлік өкілдері мектептердің қазіргі ахуалына, ресурстарына және білім саласындағы НҚА талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Атап өту керек, әкімдіктер жоспарлаған 193 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады.

Сондай-ақ, мониторинг нәтижесінде анықталғаны: келісімшартқа сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары 51 мектепте жылдың соңында, ал 17 мектепте келесі жылдың басында аяқталады.

Әкімдіктерге оқу жылы басталғанға дейін оқу бағдарламаларын әзірлеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, оқу процесін ұйымдастыру және оқушыларды білім беру ұйымдарына және кері үйлеріне тасымалдауды ұйымдастыру үшін уақытша білім алу орындарын айқындау туралы ұсынымдар берілді.

Министрлік білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының барысын күн сайын қадағалап отырғанын айта кету керек.

Бұл мониторинг – балалардың сапалы білім алуының, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын арттырудың негізгі құралы.

Осы жылдың тамыз айының соңында министрлік кезекті мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу