KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Асханасы мен спортзалы жоқ мектептер бар – ШҚО

Фото: 365info.kz

2.08.2023, 20:00 446 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да мектептердің дайындығына аралық мониторинг жүргізілді.

Балалардың қауіпсіздігі маңызды мәселе болғандықтан облыстағы 153 толық жинақты мектептерде турникеттер орнатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шағын жинақталған және арнайы мектептерде оқушылар контингентінің саны бойынша турникет орнату нормативтік құжаттарға сәйкес талап етілмейді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсұтова айтты.

Оның берген ақпараты бойынша, 12 мектепте дабыл түймесі жоқ екен. Сондай-ақ кейбір жалпы білім беретін мекемелерде спортзалы (49 мектепте), асханалары (36 мектепте) және пәндік кабинеттері (физика – 179, химия – 167, биология – 181) жоқ.

Мониторинг интернет мәселелерін де анықтады. 23 мектептегі интернеттің жылдамдығы әлсіз (4 мб/с – тан аз), 186 мектепте  орташа (4-10 мб/с), 141 мектепте орташа жылдамдықтан жоғары (10-20 мб/с) екені байқалған.

 Проблемалық мектептер бақылауға алынып, ағымдағы жылдың тамыз айында қорытынды мониторинг жүргізіледі,  деп атап өтті Зейнеп Махсұтова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив