KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Соңғы 5 жылда абоненттер интернетті көп пайдалана бастады

Фото: egemen.kz

11.08.2023, 17:57 525

Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин елімізде не себепті ұялы байланыс қызметі қымбаттап жатқанын түсіндірді.

Оның айтуынша, кейінгі 5 жылда елімізде әр абонент интернетті 4 есе көбірек пайдалана бастаған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Әр оператордың түрлі шығындары бар. Әрине, электр энергиясының тарифі өзгерсе, бұл да өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Сонымен қатар қызмет ауқымы айтарлықтай өсті. 2018 жылы Beeline байланысын пайдаланғандардың әрқайсысы небәрі 4 ГБ жұмсап келді. Ал қазір бұл көрсеткіш 17 ГБ-қа жетті. Бұл тұрғыда 4 ГБ-мен 17 ГБ-ға жұмсалатын тариф бірдей болмайтыны түсінікті, яғни осы бағытта шығындар да артып отыр, – деді Евгений Настрадин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, байланыс операторлары осы себепті тарифтердің түрлі нұсқасын ұсынып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу