KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, В
511.18 530.6 5.28

Мұғалімдер мен оқушылардың арнайы тарифі - 990 теңге

6.08.2020, 11:22 145

Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдерге арналған "Білім" арнайы тарифі іске қосылады. Тариф бойынша айына абоненттік төлем құны – 990 теңге. Ел азаматтары оны тамыз айының екінші жартысынан бастап пайдалана алады.

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкееваның айтуынша, тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізеді.

"Мұғалім" немесе "оқушының" қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталып жатыр. Мұғалімдер мен оқушылардың тізімі берілуі мүмкін", - дейді Гүлнәр Бөкеева.

Тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта министрлік 380 ресурсты қолдап отыр. Сонымен қатар байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт ұсынады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу