Елдегі мектептер жаңа оқу жылына қаншалықты дайын?
Фото: egemen.kz
Жаңа оқу жылы басталар тұста 12 апаттық мектептің, 29 үш ауысыммен оқитын білім ошағының мәселесі шешілді.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, биыл 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 1 қыркүйекке дейін соның 194-інде күрделі жөндеу аяқталуға тиіс, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін 65,6 мың орынға арналған 52 мектеп іске қосылады деп жоспарланған. Ал 2023 жылдың соңына дейін 66,4 мың орынға арналған 102 мектеп іске қосылуы керек. Осылайша, 12 апаттық және үш ауысыммен білім беретін 29 мектептің мәселесі шешіледі.
22 тамыздағы жағдай бойынша, мектептерді ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосу көрсеткіші республика бойынша 98%-ға жеткен.
Лицензияланған күзет агенттіктерімен келісімшарт орнатқан мектептердің үлесі де 98% болып отыр. Мектептерді «дабыл түймелерімен» қамтамасыз ету деңгейі де 98%-ға жеткен.