KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Enbek мобильді қосымшасының жаңа мүмкіндіктері

11.09.2023, 20:22 152 Мадина Амангелдіқызы

Enbek мобильді қосымшасында жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

Enbek мобильдік қосымшасында енді «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға жазылуға болады. Сондай-ақ мемлекеттік грантты да ресімдеуге болады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Қосымшада жұмыс іздеу, жұмыссыздарды тіркеу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алудан секілді қызметтерден бөлек Business.Enbek.kz кәсіпкерлікті қолдау қызметтері де қолжетімді.

Enbek мобильдік қосымшасының көмегімен пайдаланушылар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жазыла алады. Сондай-ақ өздерінің бизнес – идеяларын іске асыруға 1,38 млн теңгеге (400 АЕК) дейінгі сомаға мемлекеттік грант алудың барлық процесінен өте алады, яғни өтініш беруден бастап шартқа қол қоюға және нысаналы пайдалану туралы есептерді тапсыруға дейін.

Enbek мобильді қосымшасын пайдаланудың қандай артықшылықтары бар?

  • Электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. Енді өтініш пен шартқа қол қою тікелей мобильді құрылғыда жүзеге асырылады. Ол үшін смартфонда eGov Mobile қосымшасы болуы керек.
  • Көп арналылықты арттыру. Жұмыспен қамту қызметтері мен мемлекеттік грантты смартфон арқылы да алуға болады.
  • Әрқашан хабардар боласыз. Мобильді құрылғыдағы Push-хабарламалар грантқа өтінішті қарау мәртебесі туралы уақтылы ақпарат беіп отырады.
  • Бұл қоcымша тегін. PlayMarket және AppStore қосымшаларында қолжетімді. Алдағы уақытта оның функционалдығы кеңейіп, жаңа cервистер мен қызметтер қосылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив