Қазақстан құрамасы жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді
Фото: inform.kz
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді.
Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар бесінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.
Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:
1. Қытай - 383 (201-111-71)
2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)
3. Жапония - 188 (52-67-69)
4. Үндістан - 107 (28-38-41)
5. Қазақстан - 80 (10-22-48)
6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)
7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)
8. Таиланд - 58 (12-14-32)