KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Аптап ыстық пен жауынның әсерінен шығынға батқан шаруаларға қандай көмек көрсетілмек?

Фото: egemen.kz

10.10.2023, 09:03 171

Үкіметтің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, оған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық еткен.

Жиында ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін отандық шаруаларға қолдау көрсету шаралары қаралды, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының биылғы ауа райы қолайсыздығынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында мынадай шара қабылдау ұсынылды:

— форвардтық сатып алу аясында «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасын 3 класты бидай үшін 120 мың теңге және 4 класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілеу;

— форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша фермерге міндеттемелерді айыппұл төлемдерінсіз ақшалай қаражат арқылы немесе 1,05%не 5% коэффициент бойынша 3 класты бидайды 4 класқа ауыстыру арқылы орындауға мүмкіндік беру;

— міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін банк сыйақысын 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуға мүмкіндік беру.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия мүшелері ұсынылған шараларды қолдады.

Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуді дереу бастауды тапсырды.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив