KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Петиция жолдау тәртібі қандай?

Фото: egemen.kz

14.10.2023, 14:12 373

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Петиция бойынша жазбаша арыздардың нысанын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірлеп, ашық талқыға шығарды.
Құжатта өтініш беру үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның арасындағы өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға арнайы тәртіп бойынша өтініш беру қажет екені көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Онда мына деректерді көрсету қажет:

- тегі, аты, әкесінің аты;
- жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
- нақты тұрғылықты мекенжайы;
- тіркеуде тұрған жерінің мекенжайы;
- байланыс телефоны.

Сондай-ақ өтініште петиция мазмұны мен атауы жазылуы тиіс.

Бұған қоса онда құжатты интернет-ресурсқа орналастыруға рұқсат беру сұралады.

Өтінішке төмендегі құжаттар қоса беріледі:

- жеке куәліктің көшірмесі;
- өкілдің тиісті өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш азаматтың заңды өкілі арқылы берілсе).

Тоқтала кетейік, бұл ретте өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растап, дербес деректерін өңдеуге келісім береді.

Осы кезеңде оған мәліметтің нақтылығы үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болатыны ескертіледі.

Мұнымен қатар, интернет-ресурста петицияға қосылу туралы өтініштің үлгісі әзірленді.

Онда да осы жоба бойынша өтініш жолдауға болады.

– «Электронды жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары петиция жолдауға арналған интернет-ресурс ретінде айқындалсын, - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған министрдің бұйрық-жобасында.

Аталған ережелер мен тәртіп 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив