KZ
Өскемен
+17°
гроза с небольшим дождём жел 7 м/с, В
515.03 584.82 6.24

Жұмыссыз ретінде онлайн тіркелуге болады

28.07.2020, 07:57 359

Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, жұмыссыз ретінде онлайн тіркелуге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ол үшін:

- Egov.kz порталына кіріңіз

- Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз

- Қызметті онлайн сұратыңыз

- Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз

- Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз

- Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз

- Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз

- Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз.

 - Егер сізде «Оралман» мәртебесі болса, сіз жұмыссыз ретінде тек құзырлы органға келесі құжаттарды тапсыру арқылы тіркеле аласыз.

Өтініш

- Жеке басыңызды куәландыратын құжат

- Егер еңбек қызметіңізді растайтын құжат бар болса

- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса өзіңізбен ала баруды ұмытпаңыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу