KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 1 м/с, С
503.9 603.32 6.61

Электронды шылымның салығынан бюджетке қанша кіріс түсті?

Фото: egemen.kz

9.11.2023, 20:36 373

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев электронды шылым кіргізушілер бюджетке қанша салық төлегенін айтты.

Департамент директорының сөзінше, 2023 жылдың 8 айында электронды шылымға қолданылатын 14 655 литр сұйықтық әкелінген, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Бұл салада төленген салық пен кедендік баждың жалпы сомасы 1 млрд 914 млн теңге болса, оның 778 млн теңгесі акциз, 100 млн теңгесі кедендік баж, 1 млрд 36 млн теңгесі қосылған құн салығы, - деді Елдос Саудабаев.

Айта кету керек, Қазақстанда электронды шылым импортына түбегейлі тыйым салу мәселесі қызу талқыланып келеді. Тіпті Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал да жолдаған болатын. Электронды шылымның импортына қарсы топ кәмелетке толмаған қазақстандықтар арасында вейптің кең таралғанына алаңдаулы.

                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу