KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Жаңғырту мерзімін бұзатын ЖЭО иелері үшін айыппұл енгізіледі

Фото: egemen.kz

14.11.2023, 09:40 195

Энергетика министрлігінің дерегінше, коммуналдық инфрақұрылымның тозуын азайтуға арналған «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігі пысықталып жатыр.

Атап айтқанда, бағдарлама шеңберінде алынған қаражатты мақсатты пайдаланудың ашықтығын қамту бойынша нарыққа қатысушылар тарапынан міндеттеме енгізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Түзетулер арасында:

- «Инвестиция орнына тариф» саясаты шеңберінде алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына (сондай-ақ кез келген кезеңдерде жөндеу жұмыстарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруды көздейтін) уәкілетті органның бақылау функцияларын қайтару;

- салынған инвестициялар шеңберінде қол жеткізу қажет нысаналы индикаторларды белгілеу (тозуды, апаттылықты төмендету, шартты отынның үлестік шығыстарын төмендету, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту);

- объективті себептер болмаған кезде көрсеткіштерге қол жеткізілмеген жағдайда айыппұл санкцияларын белгілеу;

- қаражатты, оның ішінде кәсіпорын басшыларын мақсатсыз пайдаланған жағдайда жауапкершілікті белгілеу;

- орындалатын жұмыстардың сапасы үшін мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігін белгілеу.

Сондай-ақ, энергетикалық қадағалауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда өңірлік департаменттердің штаты 70 бірлікке ұлғайтылды. Сапалы және толыққанды тексеру іс-шараларын жүргізу мақсатында Кәсіпкерлік кодекстің энергия объектілерін тексеруге тыйым салуға қойылатын талаптарын Алып тастау мәселесі пысықталып жатыр.

Жоғарыда көрсетілген тәсілдер шеңберінде бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен нысаналы пайдаланылуын бақылау мақсатында инвестициялық келісімдердің іске асырылуына үш кезеңдік бақылауды енгізу ұсынылады.

Тәсіл мыналарды қарастырады:

1) Жобалау кеңсесінің базасында уәкілетті орган тарапынан бақылау. Жобалық кеңсе шеңберінде барлық мүдделі тараптардың бақылауы бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Сондай ақ инвестициялық келісімді іске асырудың барлық кезеңдерінде энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тарапынан бақылау;

2) Қоғамдық ұйымдарды, нақты өңірдің тұрғындарын тарта отырып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау;

3) Мүдделі тараптарды тарта отырып, жария тыңдаулар өткізу және құқық қорғау органдары тарапынан бақылау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив