KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

20 миллионыншы болып туған 5 баланың ата-анасына 2 млн теңге беріледі

Фото: egemen.kz

16.11.2023, 13:27 278

«Отбасы» банкі елдің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 баланың ата-анасына 2 млн теңгеден береді.

Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— «Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.

— Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі, - деді Ләззат Ибрагимова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу