8-9 айдан кейін үй сатып алуға жеңілдіктер ұсынылады
Фото: egemen.kz
«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова баспана нарығындағы ахуал туралы баяндады.
Оның пікірінше, қазір баспана нарығы тұралап тұр. Тұрғын үй саудасы саласындағы келісімшарт саны 2020 жылғы көрсеткішке дейін азайған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Менің ойымша, 8-9 айдан кейін үй сатып алуға, яғни баспана сатып алатындарға өте жақсы кезең болады. Өйткені құрылыс компанияларында да, қайталама тұрғын үй нарығында да жеңілдіктер ұсынылады, – деді Ләззат Ибрагимова.
Басқарма төрағасының сөзінше, шамамен бір немесе бір жарым жылдан кейін сұраныс бұрынғы деңгейге жетеді. Бұл құбылыс халықтың табиғи өсімімен байланысты болады.
Оқи отырыңыз