Абай облысының тұрғыны жұбайына заңсыз ақша аударған

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Абай облысының тұрғыны сегіз жыл бойы жұбайына заңсыз ақша аударып отырған.
Мемлекеттік мекемеде кассалық операциялардың инспекторы болып жұмыс істеген 42 жастағы Бесқарағай ауданының тұрғыны 2015 жылғы қаңтардан 2023 жылғы шілдеге дейін ай сайын жұмыс уақытын есепке алу табельдерін жалған жасап, осы мекемеде жүргізуші болып бірнеше күн ғана жұмыс істеген жұбайына жалақы аударып отырған. Осылайша 5 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Polisia.kz ақпаратына сілтеме жасап.
Сот әйелді ҚР ҚК 189-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныд. Оған 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Айжанат Бақытқызы