KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Заңсыз сыйақы алғандар 3 жылға қамалуы мүмкін

Фото: qmonitor.kz

3.07.2023, 11:52 297 Оразай Жеңісұлы

Заңсыз сыйақы алғандарға қатысты қолданылатын жаза күшейеді. Антикор Қылмыстық кодекске осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Altaynews сайты.

«Ірi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.

Енді заңсыз сыйақы алғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылмақ.

Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу