Алдағы егіс науқанына жеңілдікпен несие беруді қаржыландыру басталды
Фото: agroinfo.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында іс-шараларды қабылдап жатыр. Бюджеттік кредит шеңберінде 15 млрд теңге мөлшеріндегі бірінші транш бағдарлама операторы – «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ға жіберілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Министрліктің сайтында жарияланғандай, жалпы алғанда 2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген кредит беру үшін 140 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған, бұл кем дегенде 2 млн гектар алқапқа егуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама түпкілікті қарыз алушы – агроөнеркәсіптік кешен субъектісіне теңгемен жылдық 5%-дан аспайтын мөлшерлемемен, несие беру мерзімімен 2025 жылғы 1 наурызға дейін беруді көздейді (негізгі сома мен сыйақының 50%-ын өтеумен – 2024 жылғы 1 желтоқсан, қалған 50% – 2025 жылғы 1 наурызға дейін). Соның арқасында диқандар келер жылдың 1 наурызына дейін егін егу науқанын жеңіл өткеріп, барынша пайда алатын болады. Берешекті өтеудің түпкілікті кестелері шаруалардың қарыз шарттарын жасасу кезінде жеке тәртіппен қалыптастырылады.
Бұдан басқа, осы бағдарламаны іске асыру кезінде кең қамтуды қамтамасыз ету үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржы институттарын қорландыруды жүзеге асырады. Осылайша, жеңілдікті қарыздарды тікелей беру өңірлерде екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары және өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы жүргізіледі.
Егіс науқаны оңтайлы агротехникалық мерзімде өтуі үшін АӨК субъектілерінен қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың желтоқсанында басталды. Бүгінгі таңда өңірлердегі фермерлерден түскен жалпы өтінімдердің пулы 458 бірлікті, яғни шамамен 20,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 9,4 млрд теңгеге 200-ден астам өтінім мақұлданды. Еске сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, 3,5 млн га егіс алқаптарын қамти отырып, 3 796 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге кредит берілді.
Сондай-ақ фермерлердің қарыздарын ұзартуды ұсыну арқылы өткен жылғы ауыл шаруашылығы маусымының қолайсыз ауа райы жағдайларының салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарына өзгерістер енгізген болатын, бұл қарыз алушы үшін қиындық тудыратын мән-жайлардың басталуына байланысты сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу бойынша кейінге қалдыру мерзімін 10 айдан 24 айға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Тиісті түзетулер ағымдағы жылдың 15 қаңтарында күшіне енді.
«Кең дала» көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына кредит беру бойынша жеңілдікті бағдарлама мен мерзімін ұзарту шаралары шеңберінде бюджеттік кредитті қайта құрылымдау жүргізілді, бұл бағдарлама қатысушыларына 2023 жылғы қарыздарды айыппұл санкцияларын қолданбай-ақ ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Жанаргүл Мұқатай