Өскеменде 26 жастағы жігіт касса тонамақ болды
Өскемендеегі лотерея кеңсесін тонамақ болған 26 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 22 қазанда болған. Кешкі уақытта жігіт лотерея кеңсесін тонауға келген. Ол кезде кассада 73 мың теңге болыпты. Кеңсенің қызметкері қауіп тетігін басып үлгереді. Қарақшы оны соққыға жығып, қылмыс орнынан ізін суытқан.
“Қыран-43” патрульдік экипажының қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні құрықтады. Ол жұмыссыз қала тұрғыны екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз