Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылды
Фото: gov.kz
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов палатаның жалпы отырысында Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновтың атына берген сауалында депутаттарға балаларының әкелерінен алимент өндіріп ала алмай жүрген әйелдерден көптеген өтініштер келіп түсетінін айтты.
Осыған байланысты ол бюджеттен тыс түсімдерден құрылатын мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды.
Депутаттың айтуынша, оның негізгі мақсаты үш айдан астам уақыт бойы әкесінен төлем алмаған балаларға алимент төлеу болады.
Ал балаға төленген төлемді мемлекетке өтеу алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелерден осы соманы өндіріп алу жолымен жүзеге асырылмақ.
Айжанат Бақытқызы