KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды

5.04.2023, 12:21 176 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да балаларына алимент төлеуден жалтарған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды.

5 жыл бойы мүлде алимент төлемеген тұрғынның қарызы 4 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ер адам 2018 жылы кәмелетке толмаған қызы мен ұлын асырау үшін жалақысының үштен бір бөлігі мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелген.

Сот орындаушысының талаптарын елемеген азаматқа сот актілерінің міндетті екені және қатаң түрде толық көлемде орындалуы тиістігі ескертілген.

Қазір ер адам пробациялық бақылауда. Оған сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Сондай-ақ айыпталушыға жұмысқа орналасу қажеттігі, егер тұрақты жұмысы болмаса, әкімдік белгілеген мекемелерде 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылатыны түсіндірілді. Алимент төленбеген жағдайда ол бас бостандығынан айырылады, – дейді Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ұлабек Жайбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу