«Отау» ипотекалық бағдарламасы қашан басталады?
Фото: homsters.kz
Халық басталуын көптен күтіп жүрген «9-20-25» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасы соңғы сәтте «9-20-19» бағдарламасына айналды.
Қазақстанда жаңа мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар іске қосылып, бұрынғы бағдарламалар қаржыландыру аяқталғаннан кейін тоқтайтыны белгілі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биылғы 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында қазақстандықтар «Баспана маркет» порталында (otbasybank.kz) «Отау» бағдарламасына қатысу үшін өтінім бере алады.
Бұл «9-20-25» деп жарияланған және бір кездері танымал болған «7-20-25» -тің орнына келген ипотекалық бағдарлама.
Бірақ қазіргі бағдарлама шартының ерекшелігі - оған тек жастар ғана емес, 63 жасқа дейінгі қазақстандықтар да қатыса алады.
Бұрын ипотека 9 пайызбен, 20% бастапқы жарнамен және 25 жылға дейін беріледі деп болжанған. Енді несиелеу мерзімі 19 жыл деп өзгерді. Сондықтан бағдарламаны «9-20-19» деп атаған дұрыс.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Отбасы банкінің салымшылары, оның ішінде тұрғын үйге кезекте тұрғандар;
Отбасы банкінде ипотекаға өтінім бергенге дейін 18 ай бұрын ашылған депозиттің болуы;
Отбасы банкіндегі депозитте өтінім беру сәтінде кемінде 1 млн теңге болуға тиіс;
18 жастан 63 жасқа дейінгі азаматтар;
бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс.
Айжанат Бақытқызы