KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

«9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы қашан басталады?

7.02.2024, 12:50 204

Отбасы банкі баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарламаның іске қосылу күні әзірге нақтыланған жоқ. Бағдарлама әзірлену үстінде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.
  
 «9-20-25» бағдарламасы жасалу үстінде, сондықтан нақты іске қосу күні және оны іске асырудың егжей-тегжейлі шарттары туралы айту әлі мүмкін емес. Жаңа бағдарлама аясында меншігінде тұрғын үйі жоқ отбасылар оны бастапқы нарықта жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады деп болжануда», – делінген Отбасы банк жауабында.

Бағдарлама нарықтық қаржыландыру есебінен іске асырылатын болады, бюджет қаражаты пайдаланылмайды. Бұл ретте бағдарлама бойынша кредиттеудің түпкілікті мөлшерлемесі нарықта қаражат тарту мөлшерлемесіне байланысты болады.

Отбасы банкінде жыл сайын 150 млрд теңге көлемінде бюджеттен тыс ресурстарды тарту жоспарланып отырғанын айтты, бұл жылына қосымша 8 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«9-20-25» бағдарламасына қатысудың барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін қарыз алушының келісімімен «Отбасы банктің» интернет-ресурстарында қарыз алғандардың тізімін жариялау жоспарлануда. Жаңа ипотекалық бағдарлама нақты бекітілген кезде Отбасы банкі қазақстандықтарды қосымша хабардар етеді және толығырақ ақпарат береді», – деп түсіндірді Банктің баспасөз қызметі.

                                                                  Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу