KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.51 522.84 4.81

"9-20-25" ипотекасы 1 наурызда іске қосылады

Фото: proprikol.ru

1.02.2024, 13:16 85 Анель Слямғазықызы

Жоба аясында 8 мың адам тұрғын үй несиесін рәсімдей алады.

 

1 наурыздан бастап Қазақстанда жастарға арналған "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасына қатысуға болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

— Біз жастарға арналған «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Ал 1 наурыздан бастап «Отбасы банкі» арқылы іске қосамыз.
Осылайша, 8 мыңға жуық адам 9-20-25 ипотекасын ала алады», - деп түсіндірді Смайылов.

 

Бағдарламаны жүзеге асыруға 2024 жылға 150 млрд теңге бөлінген.

 

Бағдарлама бойынша 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады.

 

Еске салайық, Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова бұған дейін "9-20-25" ипотекалық бағдарламасына соңғы бес жылда баспанасы болмаған жұмысшы жастар ғана қатыса алатынын мәлімдеген болатын. Бұл мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы тексеріледі. Сондай-ақ, бір адамның мемлекеттік бағдарламаға бір рет қана қатыса алуына қатысты қатаң талап қойылып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу