KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қазақстанда қанша адам АӘК алады?

Фото: qazaqtimes.com

26.02.2024, 19:00 154

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қанша қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) берілетіні айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

- 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 49,7 мың отбасынан 262,3 мың адамға тағайындалды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 75,9 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлады Еңбек министрлігі.

АӘК-тің негізгі мақсаты - мұқтаж отбасыларды қаржылай қолдай отырып,  отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік көмек туралы айтқан болатын. Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек пен қолдаудың құрылымы мен тетіктерін толығымен қайта қарау керек деп санайды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив