KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

514 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген

Фото: egemen.kz

19.06.2023, 10:33 205

1 маусымға дейін елде 514 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

Осы мақсатта бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 98 мың отбасындағы 514,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ол үшін бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Биылғы 1 қаңтардан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша төлем түріне  ауыстырылды.

1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1-6 жас аралығындағы балаларды қоса алғанда 157,2 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, ауыл округінің әкіміне өткізе алады, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив